Болат Бақауов 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді
Болат Бақауов 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді
Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы ("Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану") бойынша айыпты деп танылды. Соттың үкімімен ол 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді, сондай-ақ, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды", - деді №2 соттың судьясы Нұрлан Қайырбеков.
Оған қоса Бақауов 10 мың долларды қайтаруға міндеттелді.
Еске салайық, биыл қаңтарда Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың ұсталып, үй қамауына алынғаны хабарланған еді. ҰҚК 15 қаңтарда қылмыстық іс бойынша жедел тергеу іс-шараларын өткізген болатын. Оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және оның салдары ауыр болды деген айып тағылған.