Допинг табылыпты! Зілтемірші Зүлфия Чиншанло 8 жылға спорттан шеттетілді
Зілтемірші Зүлфия Чиншанло допингке қарсы ережелерін қайтадан бұзғаны үшін 8 жылға спорт әлемінен шеттетіліпті,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Тексеріс барысында оның қан құрамынан «Метандиенон» стероид табылғакн көрінеді.
Қазақстандық спортшы қыз бұған дейін де допинг үшін 7 жыл бұрын шеттетілген еді. WADA 2012 жылғы Лондон олимпиадасының нәтижелерін қайта тексерген кезде Чиншанлоның допинг қолданғанын анықтады. Ол кезде спортшы «Оксандролон» мен «Станозолол» қолданғаны анықталған.