Медицина

Мына екі әдіс тұмауға ем болатынын біле жүріңіз

Байқап көріңіз. Тез жазыласыз.

Тұмау – кең тараған вирустық ауру. Дерттің басталуы да, асқынуы да тез. Тұмау болғанда қызу көтеріліп, бүкіл сүйегіңіз сырқырайды. Бойыңызды әлсіздік билеп, тамаққа тәбетіңіз нашарлайды. Оған жөтел қосылып, тыныс жолдарыңыз ауырады. Бұл аурудан емделу жолдарын терапевт немесе педиатр дәрігер ұсынады. Ал халық әдісі мына емнің пайдасы мол екенін ескертеді. 
ДҰРЫС ЕМДЕЛУ. Қандай ауру болса да ең алдымен дұрыс жолмен емделу керек. 1-2 күн дәрі ішіп, екпе салдырған соң ауруыңыз басылады, алайда дерт толық жазылмайды. Егер емді үзбей 7-10 күн қабылдасаңз аурудан толығымен айығасыз. Арасында үзіп немесе тоқтатып қойсаңыз, дертіңіз созылмалы түріне ауысады. 

ТҰМАУҒА ЖИЫНТЫҚ ЕМ КЕРЕК. Тұмауды емдеу үшін бір ғана дәрі аздық етеді. Оған екпе, ингаляция, дәрумен қосып қабылдасаңыз, емдік күші еселеніп, аурудан тез жазыласыз. Алдымен жалпы жағдайыңызды жақсарту керек. Ол үшін иммунитетті көтерудің әдісін қарастырыңыз. 

Тұмауды жеңудің бірден бір жолы – иммундық жүйені нығайту екенін ескеріңіз. Біз ұсынып отырған 2 әдіс – қайнатпа мен ингаляция иммунитетті көтереді, тұмауды емдейді әрі жөтелді қойдырады.

ШӨП ҚАЙНАТПАСЫ. 

Итмұрын кептірілген итмұрын шөбінің 5 ас қасығын 1 литр қайнаған суға салып, отқа қоясыз. 10-15 минуттай бауы отта қайнау керек. Белгіленген уақыттан соң оттан алып, 8-10 сағат тұндырып қойыңыз. Осы уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 стақаннан әр 2-3 сағат сайын ішесіз. Татымы ұнамаса 1 шай қасық бал, тосып немесе қант қосуға болады. Емді бір апта бойы қабылдаңыз. 

Жөке бірдей көлемде жөке (липа) гүлі мен аюбадам (бузина) шөбін аралатырыңыз. Қоспаның 2 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға салып отқа қоясыз. 5-10 минуттан соң оттан алып, қақпағын мықтап жабыңыз. Бөлме температурасында жылыған кезде сүзіп алып, шыны ыдысқа құйыңыз. Дайын болған емдік сусынды жылы күйінде екіге бөліп ішіңіз. 

Жөке тұнбасына бал немесе таңқурай қосып ішсеңіз, емдік қасиетін еселейді. 

Лимон қабығы бірдей көлемде үгітілген түймедақ (ромашка), жөке (липа), итмұрын (шиповник) және лимон қабығын араластырасыз. Оның 1 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға араластырып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 10 минуттан соң сүзіп алып, 1/3 стақаннан күніне 3 рет ішесіз. Емді тамақтанудан 15 минут алдын қабылдау керек. 

Тұмаумен ауырған кезде мейлінше сыртқа шықпағаныңыз жөн. Нәрлі әрі құнарлы тағамдарды аз-аздан, бірақ күніне 5-6 рет жеңіз. Сұйықтықты көбірек ішіңіз. Дәрі-дәрмекті, емдік тұнбаны ішіп алған соң жылы оранып жатыңыз. 10-15 минуттай таза ауада серуендеуді, бөлмені ылғалды шүберекпен сүртуді ұмытпаңыз.

Ингаляция – вирустық аурулардың жауы екенін білесіз бе? Ол үшін арнайы аппараттың қажеті жоқ. Үйде отқа төзімді кеңдеу ыдыс болса болғаны. Соның көмегімен-ақ ертедегі әдісті қолданамыз. Тұмауға, жөтелге, мұрынның бітелуі мен ағуына 5-10 минуттың ем керемет әсер етеді. Ингаляцияны күніне 1-2 рет жасасаңыз, 3 күнде-ақ оң әсерін байқайсыз.

Дереккөз: ERNUR.KZ порталынан