Әскер

Қазақстанда 5 мың сарбаздың несиесі кейінге қалдырылыпты

Елімізде 5 мыңнан астам сарбаз несиесі кейінге қалдырылды

Қазақстанның Қарулы күштерінің қатарында әскери борышын өтеп жүрген 5 мыңнан астам сарбаздың  2 млрд-қа жуық несиесі кейінге қалдырылды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Қорғаныс министрлігі мәлімдеуінше, Қорғаныс министрлі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумның нәтижесінде борышын өтеп жүрген әскери қызметшілерге банктік қарыздар мен шағын несиелік төлемдерін кейінге қалдыру тәжірибесі реттелген.

Қазіргі кезде 5 мыңнан астам сарбаздың 1 млрд 875 млн теңге несиесі кейінге қалдырылды. Қазіргі уақытта банктер мен микрокредиттік ұйымдарда 1,6 млрд теңге сомасына 5 мыңға жуық әскери қызметшінің өтініштері қаралу үстінде. Одан бөлек қорғаныс ведомствосының бұл бастамасы заң жүзінде бекітуді және мүдделі ұйымдардың бірлескен техникалық шешімін талап етеді.

Қорғаныс министрлігінің сарбаздары үшін әлеуметтік қолдау шараларын заң тұрғысында реттеу мақсатында "Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы" ҚР Заңына 50-1-бапты енгізуге бастамашы болды. Заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр.

"Бұдан өзге, Қорғаныс министрлігі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне "Банктер және банк қызметі туралы" ҚР Заңының 34-бабына және "Микроқаржылық қызметі туралы" ҚР Заңының 7-бабының 2-тармағына толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстарын білдірді. Негізгі қарыз бен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру тәртібін белгілейтін нормаларға қорғаныс ведомствосы сарбаздардан басқа қарыз алушылар қатарына әскери жиындарға шақырылған азаматтарды да қосуды ұсынып отыр".ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

 

Министрліктің мәлімдеуінше, несиені кейінге қалдыру әскери жиындағы бүкіл кезеңге беріледі деп күтілуде. Бұл ретте мәлімет алмасу мүдделі органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы арқылы іске асырылуға тиіс.

Процестерді автоматтандыру үшін Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ-мен бірлесіп проактивті форматта өзара іс-қимыл алгоритмін әзірледі.