11 млрд! Атырауда табиғатты пайдалану талабын бұзған екі зауытқа айыппұл салынды
Атырауда екі ЖШС-ке айыппұл салынды
Атырауда прокурорлар қазынаны 10,7 миллиард теңгеге толықтырды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Атырау облысының прокуратурасы табиғатты пайдалану субъектілерінің экологиялық заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді.
"Талдау шеңберінде парниктік газдар квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсат етілген шығарындылар нормаларынан асып кету және жердің ластану фактілері анықталды.
Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижеcімен Karabatan Utility Solutions ЖШС және "Теңізшевройл" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.