Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Аймақтар

11 млрд! Атырауда табиғатты пайдалану талабын бұзған екі зауытқа айыппұл салынды

Атырауда екі ЖШС-ке айыппұл салынды

11 млрд! Атырауда табиғатты пайдалану талабын бұзған екі зауытқа айыппұл салынды
фото: Investing.com

Атырауда прокурорлар қазынаны 10,7 миллиард теңгеге толықтырды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Атырау облысының прокуратурасы табиғатты пайдалану субъектілерінің экологиялық заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді.

"​Талдау шеңберінде парниктік газдар квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсат етілген шығарындылар нормаларынан асып кету және жердің ластану фактілері анықталды.

​Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижеcімен Karabatan Utility Solutions ЖШС және "Теңізшевройл" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.