"Қинап алдырып жатыр" Мұғалімдерге Құдайберген Бекіштің концертіне билетті мәжбүрлеп алғызған
Мұғалімдерге Құдайберген Бекіштің концертіне билетті мәжбүрлеп алғызып жатқан кім?
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевқа мектеп мұғалімі әнші Құдайберген Бекіштің концертіне билетті мәжбүрлеп сатып жатқаны туралы жазған, деп хабарлайды newsroom.kz порталы el.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы облысы Іле ауданының бір мектебінде жұмыс істеймін. Құдайберген Бекіштің концертіне бізге билетті қинап алдырып жатыр, - деп жазған желі қолданушысы.
Мұғалімдерге Іле аудандық білім бөлімінен беріп жатқанын атап өткен.
Осындай концерттер қашан бітеді? Құдайберген Бекіш, сіздің концертіңізге билеттер күштеп сатылып жатқанын білесіз бе? Әрине білмейсіз. 1000-2000 теңге билетң болса, бәлкім, үндемес едім. 10 мың теңгелік билеттерді мәжбүрлі түрде алғызу дұрыс емес, - деп жазды депутат.