Әлем

Тәжікстанда веб-сайттардың 80 пайызы орыс тілінде екен

Тәжікстан премьер министрі елдегі орыс тілінің статусы жайлы айтты

Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзода 18 желтоқсанда Мәскеудегі ВДНХ-да өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысында Тәжікстандағы орыс тілінің рөлі жайлы айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы asiaplustj.info сайтына сілтеме жасап. 

Кездесуге қатысушылар ТМД-дағы көпжақты ынтымақтастық пен мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Расулзода өз сөзінде мәдениетаралық диалог ТМД халқы арасында ортақ гуманистік құндылықтарды таратуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Тәжікстан премьер-Министрі өз сөзінде Тәжікстанда орыс тілінің ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі Конституциядағы мәртебесі жөнінде айтты.

Кохир Расулзода сонымен қатар республика веб-сайттарының 80% - дан астамы орыс тілді, ал орыс тілі балабақшалардан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде оқитынын атап өтті.