Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Жаңалықтар

Актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден өтті

Белгілі актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден озды

Актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден өтті
Фото: instagram.com/sabit_abdykalykov

Танымал актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден өтті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Менің жүрегімді уайымдап жүргенде, өзінің жүрегі тоқтады. Қайран, әкем! Өмірден өте жақсы адам боп өттің, - деп жазды актер.

Сонымен қатар, Сәбит Әбдіхалықовтың бірінші жұбайы Айгүл Иманбаева да көңіл айтты.

Бүгін Асылжанымның атасы Әбдімүтәлі дүниеден өтті. Жақсы кісі еді. Иманды болыңыз, әке! Соңғы кездесуіміз екен, - деп жазды әнші.

Айта кетейік, актер биыл бесінші рет ауруханаға жатып, емделіп жатқанын айтқан еді.