Аймақтар

Рудныйда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Рудныйда қоқыс жәшігінен нәрестенің мәйіті табылды

Рудныйда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Нәресте полиэтилен пакетке салынған, деп хабарлайды newsroom.kz сайты kstnews.kz порталына сілтеме жасап.

Қостанай облыстық полиция департаменті 17 желтоқсан күні сағат 12.00 шамасында Корчагин көшесіндегі қоқыс контейнерінде жаңа туған сәбидің денесі табылғанын хабарлады.

“Бұл дерек бойынша Рудный қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 100-бабы “Жаңа туған баланы анасының өлтiруi” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады”, - делінген департамент хабарламасында.

Полиция қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге кірісті.