Әлем

Өзбекстанда бір отбасының төрт мүшесі газдан уланып қайтыс болыпты

Өзбекстанның Наманган ауданында отбасы мүшелері газдан уланды

Өзбекстанда Янги-Наманган ауданында көміртегі тотығымен улану салдарынан бір отбасының төрт мүшесі - жұбайы, олардың 19 және 14 жасар қыздары қайтыс болды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы gazeta.uz-ға сілтеме жасап.

Оқиға 15-нен 16 желтоқсанға қараған түні болған. М. Мухиддинов (1975 жылы туған), оның жұбайы к.Казакова (1982), олардың балалары М.Махамадхужаева (2004) және кәмелетке толмаған Х.Махаммадова (2009) Наманган ауданындағы "Беруний" махалласында тұрған көрінеді.

Отбасы мүшелері газ плитасы арқылы көміртегі тотығы шығып тұрған Иран зауытының пешін резеңке шлангпен қосқаны белгілі болды.

Отбасы мүшелерінің қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық және басқа да тиісті сараптамалар тағайындалды.

Аудандық прокуратура тергеу әрекеттерін жүргізуде.