Әлем

Тәжікстан тұрғындарына жаңа айыппұл шығарыпты

Тәжікстандықтарға заңнама талаптарын бұзғаны үшін жаңа айыппұл салынатын болмақ

Тәжікстан тұрғындарына қолма-қол ақшасыз, есеп айырысу талаптары сақталмаған жағдайда арнайы айыппұл салынатын болмақ. Мәселен, осы талапты сақтамай, ел заңнамасын бұзған республиканың кез келген азаматы 1360 сомони мөлшерінде айыппұл төлейді,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы tj.sputniknews.ru сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекеттік қызметтерді және басқа да міндетті мемлекеттік төлемдерді қолма - қол ақшасыз төлеу жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін 680-нен 1360 сомони немесе есеп айырысу бойынша 10-нан 20-ға дейінгі көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған", - деді Тәжікстан Қаржы министрінің орынбасары Кәрім Гүлмұрод.

Оның айтуынша, бұл тармақ елдің әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне қосымша түзетулерге енгізілген.

Естеріңізге сала кетейік, Тәжікстан Салық комитетінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін "Амонатбанк" Сбербанкінің филиалдары мен бөлімшелерінде мыңнан астам электрондық терминал орнатылған.

Мемлекеттік органның мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 наурызынан 1 қазанына дейін жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер терминалдар мен электрондық әмияндар арқылы жалпы сомасы 449 млн сомоннан астам сомаға 1,2 млн-нан астам транзакция жүргізген.

Тек 1 тамыздан 1 қазанға дейін 319 млн сомони сомасына салықтар мен алымдарды төлеу бойынша 844,3 мың қолма-қол ақшасыз операциялар жүзеге асырылғаны атап өтілді.
Ведомство 19 қаржы-несие ұйымдарымен "салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді қолма-қол ақшасыз қабылдау туралы" шартқа қол қойды.