Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 желтоқсан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Ұлтабар жеген келінім ұл тапты». Димаштың анасы Светлана Айтбаева сүйінші жаңалық айтты

«Оян!» таңғы хабарына сұхбат берген әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Света Айтбаева тағамға қатысты пікір білдірді.

«Ұлтабар жеген келінім ұл тапты». Димаштың анасы Светлана Айтбаева сүйінші жаңалық айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Cветлана Айтбаева ұлтабар тағамының қадір-қасиеті туралы айтып, сүйінші жаңалығын бөлісті, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлтабар - қазақтың өте әдемі тағамдарының бірі. Малдың қарынының бір бөлігі ғой. Бірақ, қазақ әрбір тағамға қатты мән берген, ал ұлтабарды ерекше бағалайды. Неге ұлтабарды таңдадық? Себебі, бұл әйел адамдарға жақындау. Атының өзі қандай иә? Біз ұлдың өзін шаңыраққа ие боп қалады деп бағалаймыз. Атұстар дүниеге келді деп жатамыз, - дейді әнші.

Светлана Айтбаева ұлтабар жеген келіні босанғанын да тілге тиек етті.

Бүгін де бір жақсы жаңалық, келініміз ұлды болып, атұстар дүниеге әкеліп, қазір перзентханаға барып, сол келінді шығарып аламыз. Ол да осындай ұлтабардың дәмін татқан жақсы келін. Лұқпан Жолдасовтың ұлы Болаттың бөпесі. Ұлтабарды сыйтабақтарға салады ғой, бірақ ет турап отырған адам оны аңғарып, ұлтабардың шеткі, шошайып тұрған бөлігін жас келінге ұсынады. "Ұл тапсын, ұлды болсын" деген мақсатта жегізеді, - деді Светлана Айтбаева.

Айта кетейік, ұлтабар — күйіс қайыратын малдың асқазанының төрт бөлігінің бірі. Қазақтардың салт-дәстүрінде кәделі асқа саналады.