Абай облысында бір күнде 4 көлік өртеніп кетіпті
Ерекше қауіпті қондырғына абайсыз пайдаланғаннан өртеніп кеткен
Абай облысында көліктегі қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз қолданғаннан бір күнде 4 көлік өртке ораныпты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.
11 желтоқсанда сағат 11:00 шамасында "101" пультіне Докучаев көшесінде Gazelle автокөлігі өртеніп жатқаны туралы сигнал түсті. Төтенше оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер қозғалтқыш, аспаптар панелі және автокөлік салонында өрт шыққанын анықтады.
Сағат 12:30-да Мұхтар Әуезов даңғылында Audi-100 көлігінің өртенгені туралы жаңа сигнал түсті. Жалпы алаңы 2 шаршы метрде, қозғалтқыш бөлшектері, алдыңғы дөңгелектері мен аспаптар панелі жанып кеткен.
Жарты сағаттан кейін өртсөндірушілер жаңа қоңырауға шықты. Сағат 13:18-де Центральная көшесінде ВАЗ-2114 көлігі өртенген. Ал бұл жағдайда қозғалтқыш бөлшектері 1 шаршы метр аумақты шарпыған.
Аягөзде Абай көшесінен тағы да қоңырау кеп түскен, мұнда ВАЗ-2114 көлігінің қозғалтқышы өртенген көрінеді.
Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, барлық жағдайда зардап шеккендер жоқ.