Қостанайда газ жарылып, 7 адам үйінді астында қалып қойды
Қостанайда газ жарылып, 7 адам үйінді астында қалып қойыпты
11 желтоқсан сағат 12:36-да Қостанай қаласы Амангелді тұрғын алабында газ жарылды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, аумақта газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан бір қабатты ғимарат толығымен опырылып, жеті шақты адам адам үйінді астында қалған.
Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жарылыс болған жерге облыс әкімі Құмар Ақсақалов келіп, жедел штаб құрылды. Адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілуде.