Қылмыс

12 млн! Шымкентте жанармай бекеті кассирі түскен ақшаны өз есепшотына аударып отырған

Шымкентте жанармай бекеті кассирі 7 жылға сотталды

Шымкентте бір жарым жыл бойы 35 жастағы кассир жанар-жағармай бекетінің ақшасын жымқырып келіпті,- деп хабарлайды newsroom.kz. 

Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйымның ақшасын ұзақ уақыт жымқырып келген жанар-жағармай бекетінің бұрынғы кассиріне қатысты сот процесі өз аяғына жетті.

Полицейлер жанармай құю бекетін басқаратын кәсіпкерден шағымына байланысты тергеу барысында кассирдің клиенттерден түскен ақшаны өз есепшотына аударып отырғаны белгілі болған. Ер адам бұл әрекетін касса терминалының істен шыққанын айтып, ақтап алмақ болған. Алайда ол қаражатты ұйымның шотына аудармаған. Осылайша ол ақшаны бір жарым жылдай заңсыз алып келген.

Кассир осы жолмен 12 миллион 350 мың теңге жымқырған. Ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында оның кінәсі дәлелденіп, қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды. Сот кассирді бөтеннің мүлкін жымқырғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырды.