Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов ОКҚ алаңында newsroom.kzпорталы тілшісінің "Құлсары қаласында жаңадан салынып жатқан «Болашақ» шағын ауданын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары қашан басталады" деген сұрағына жауап берді.
"Болашақ" шағын ауданына қазіргі таңда барлық қаражат бөлінді. Мердігер мекемені анықтау барысында мемлекеттік сатып алуда, келесі ұтылып қалған мекеменің арыз шағымы түскен. Қазіргі таңда ол мәселе толығымен айқындалды. Жалпы көгілдір отынмен қамтамасыз етуді аяқтау мерзімі шамамен бір жылдай. Келесі жылы аяқтаймыз",- деді Серік Шапкенов.