weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
8 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Атырау облысында мал қырылу фактісі тіркелмепті

Өңір әкімі мал қырылу фактісіне байланысты ақпаратпен бөлісті

Атырау облысында мал қырылу фактісі тіркелмепті
Фото: Rsc.atyrau

Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов ОКҚ алаңында newsroom.kz порталы тілшісінің "Атырау өңіріндегі өткен жылы орын алған мал қырылу фактісі, осы жылы қайталанбай ма?" деген сұрағына жауап берді.

2022 жылы Атырау облысы Құрманғазы мен Исатай ауданында белгісіз дерттен 80-ге жақын жылқы қырылған еді. Облыс әкімі биыл ондай факті тіркелмегенін айтты.

"Биыл мал қырылу фактісі тіркелген жоқ. Осының алдыңғы жылы болған жылқының паразиттік ауруы бойынша 200-ден аса жылқы ауырып, соның 75-і құлаған болатын.

Биылғы жылы ондай факті жоқ. Өзімнің баяндамамда да айтқандай, асс қауіпті мал ауруы бойынша үш ошақ болды. Екеуі құтыру фактісі, оның ішінде біреуі - малдың, екіншісі мысықтың құтыруы. Енді бір ошақ - бруцеллёз. Үш ошақта жойылды"- деді өңір әкімі.