Жаңалықтар

Қар жауып, боран соғады! -43 градус аяз келе жатыр!

Қазақстанның алдағы демалыс күндердегі ауа райы болжамы жарияланды

Алдағы демалыс күндері 9-11 желтоқсандағы ауа райы болжамы белгілі болды,- деп хабарлайды newsroom.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы үш тәулікте арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, аяз күшейеді.

"Республиканың шығысында қар жауады, Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік облыстарында жаңбыр мен қар жауады, республиканың оңтүстігінде 9-11 желтоқсанда тау бөктерлері мен тауларда қалың қар жауады", – дейді синоптиктер.

Түнде ауа температурасы:

       солтүстік-батыста -20-37°-қа дейін,

       солтүстікте -30-38°-қа дейін,

       елдің қиыр солтүстігінде -40-43°-қа дейін,

       орталықта, елдің шығысында -25-35°-қа дейін      төмендейді.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік облыстарда тұман түседі.