Жаңалықтар

Электр энергиясы тарифі қымбаттайды

Энергетика министрлігі электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер дайындады

Энергетика министрлігі  "Ашық НҚА" сайтында электр энергиясының шекті тарифтеріне  байланысты дайындаған өзгерістерін хариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы. 

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап энергия өндіруші компаниялардың 55-тен 31 тобы үшін электр энергиясының шекті тарифтерін арттыру жоспарлануда.

  • бірінші топ (Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ үшін 7,32 теңгеден 8,05 теңгеге дейін;
  • үшінші топ (Екібастұз ГРЭС-2 станциясы) – кВт/сағ үшін 11,20-дан 11,76 теңгеге дейін;
  • алтыншы топ (Қарағанды ​​Энергоцентр) – кВт/сағ үшін 12,64 теңгеден 13,65 теңгеге дейін;
  • 18-топ (Степногор ЖЭО) – кВт/сағ үшін 16,40-тан 22,58 теңгеге дейін;
  • 26-топ ("Алматы электр станциялары" ЖЭО-1,2,3, Қапшағай су электр стансасы, Каскад СЭС) – кВт/сағ 14,02-ден 17,82 теңгеге дейін;
  • 33-топ (Шүлбі СЭС-і) – кВт/сағ үшін 3,67 теңгеден 4,14 теңгеге дейін;
  • 41-топ (Таразэнергоцентр) – кВт/сағ 12,15-тен 14,29 теңгеге дейін.

Осыған дейін тізімге еліміздің аймақтары бойынша энергия өндіруші компаниялардың 50 тобы кірсе, жаңа тізімге тағы 5 топ қосылды.

"Сонымен, берілген өтінімдер бойынша жанар-жағармай құнының (көмір, газ) өсуі көлік шығындарын есепке алғанда 9-32%-ға дейін ауытқиды. Бұл ретте жанар-жағармай шығындары жалпы шығындардың шамамен 60%-ын құрайды. Шығын материалдары мен қосалқы бөлшектер құнының әр түрлі тауарлар бойынша 8-53% шегінде өсуі күтіледі. Бағаның өсуі инфляцияның өсуімен де, логистикалық шығындардың өсуімен де байланысты", - делінген негіздемеде.