Аймақтар

Атырауда кәсіпкерлерді бопсалап 10 млн тг ақша алмақ болған қылмыстық топ ұсталды

Жеке кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топ құрықталды

Атырауда 6 желтоқсан күні Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыстық топты құрықтады. Олар жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге қаражат бопсаламақ болған, деп хабарлайды newsroom.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер 1991, 1996, 1996 және 1998 жылы туған күдіктілерді 2 млн 600 мың теңге алып жатқанда ұстады.

Күдіктілердің деструктивті діни ағым өкілдері екені анықталды. Жәбірленушілерді наурыз айынан бері бопсалап, әрқайсысынан 5 млн-ға жуық ақша қаражатын иемденбек болған.

Күдіктілер ұсталып, басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталып жатыр.

ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.