Аймақтар

2,5 млн! Ұлын әуежайға жұмысқа тұрғызамын деген шымкенттік алданыпты

Шымкент тұрғыны ұлын әуежайға жұмысқа тұрғызбақ боп алаяққа алданып қалған

Шымкент тұрғыны ұлын әуежайға жұмысқа орналастырамын деп сан соғып қалды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Полицияға жүгінген жәбірленуші әйелдің айтуынша, бейтаныс ер адам өзінің байланыстары арқылы оның ұлын қалалық әуежайдың қауіпсіздік бөліміне жұмысқа орналастыруға уәде берген. Ол осы қызметі үшін 2,5 миллион теңге алып, ізін суытқан.

Аталған жайт бойынша дереу Қылмыстық кодекстің 190-бабымен тергеу амалдары басталған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 41 жастағы күдіктіні анықталып, полиция басқармасына жеткізілген.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше қазіргі таңда тәртіп сақшылары барлық айғақтарды жинап, қылмыстық істі айыптау актісімен сотқа жолдады.