Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Аймақтар

Павлодарда ер адамды телефон үшін басынан теуіп өлтірген кім?

Павлодарда екі ер адам алдын ала сөз байласу арқылы тұрғынды ұрып мерт қылған

Павлодарда ер адамды телефон үшін басынан теуіп өлтірген кім?
фото: ашық дереккөзден

Күдіктілер жәбірленуші полицияға хабар береді деген үреймен оны басынан ұрып өлтірген, деп хабарлайды newsroom.kz порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үш бап бойынша қылмыстық істер қаралды. Екі тұрғын ҚК-нің 99-бабы  2-бөлігі  7-тармақ (Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыс), ҚК-нің 191-бабы  2-бөлігі 1-тармақ (Тонау) және ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша айыпталды. 

Биыл наурыз айында екі ер адам алдын ала сөз байласу арқылы басқа тұрғынға күш қолданып, ұялы телефонын тартып алған. Жәбірленуші қашып бара жатқан кезде оны қуып жетіп, жерге құлатып, соққыға жыққан. Ер адам есінен танып қалады. Екі ер адам қылмыс орнынан кетіп бара жатқан кезде қайтадан оралып, бастаған ісін аяқтап, жәбірленушінің басынан аяғымен теуіп, өлтіріп тастайды. 

 

"Сот жеңілдететін және ауырлататын мән-жағдайды – масаң күйінде қылмыс жасағанын ескере отырып, бір ер адам қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша түпкілікті өтеуге 16 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады". Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Екінші тұрғынға қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленушінің моральдық зиянды өндіріп алу бөлігіндегі талабы толық көлемде 6 миллион теңге сомасында, үлестік тәртіппен әрқайсысынан 3 миллион теңгеден қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.