Жаңалықтар

ТМД елдерінің арасындағы қымбат кино билеті Қазақстанда екен

Қазақстандық кино билеті ТМД бойынша қымбат көрінеді

Биыл 29 қарашадағы жағдай бойынша, Қазақстанда кино билеттерінің (халықаралық шығарылым) құны 5,43 АҚШ долларын құрапты,- деп хабарлайды Newsroom.kz.

Қазақстан 99 елдің ішінде билеттің арзандығы бойынша әлемде 31-орында тұр. Оның үстіне рейтингке қатысушы ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Армениядан кейін төменнен санағанда екінші орында.

Достастық елдерінде жағдай мынадай: кинотеатр билетінің құны Ресейде 4,04 АҚШ доллары, Украинада* — 4,15 АҚШ доллары, Өзбекстанда — 4,5 АҚШ доллары, Беларусьте — 4,58 АҚШ доллары, Әзірбайжанда — 4,71 АҚШ доллары, Арменияда — 6,25 АҚШ доллары.

Әлемдегі ең арзан билет Иран, Сирия және Шри-Ланкада, ең қымбат Швейцария, Дания және Сауд Арабиясында.

 Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.

ҚР СЖРА Ұлттық статистикалық бюросы мәліметінше, биыл қазанда ҚР-дағы кино қызметінің орташа бағасы 2033 теңгені құрады, бұл былтырғы қазанмен салыстырғанда 14,1% жоғары.

Бағаның ең көп жылдық өсімі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді: 43,7%. Одан кейін Қызылорда (29,1%) және Абай (25%) облыстары. Бағаның ең аз жылдық өсімі Солтүстік Қазақстан облысында байқалды: 3,3%. Тағы төрт өңірде — Ақтөбе, Атырау және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Шымкентте баға бұрынғы деңгейде қалды.

Еліміздің ірі қалаларының ішінде кино қызметі ең қымбат Түркістанда (2,7 мың теңге), ал ең арзаны Қарағандыда (1,4 мың теңге) болды.

Сонымен қатар, биыл қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанда кинокөрсетілім саласында кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер көрсеткен қызмет көлемі 25,4 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы қаңтар–қыркүйекпен салыстырғанда ақшалай түрде 74,7% артық.

Өңірлер бойынша сектордағы ең көп қызмет Алматы қаласында көрсетілген: бір жыл бұрынғы 7,2 млрд теңгемен салыстырғанда (жылдық өсім — 2 есе) 14,4 млрд теңгеге жетті. Облыстың үлесі ҚР-ның 56,8%-ын құрады.

Тағы 24,2% қызмет Астанада көрсетілді: 6,1 млрд теңгеге, бір жыл бұрын 2,7 млрд теңге болған. Үздік үштікті Шымкент жапты: бір жыл бұрын 1,3 млрд теңге болса, биыл 757,5 млн теңге. Ең аз қызмет Түркістан облысында көрсетілген: бар болғаны 16,4 млн теңге.