PR.news

PR мамандарына арналған конкурсқа өтініш беру басталды

PR мамандарына арналған конкурстың ережесі

PR МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН КОНКУРСТЫҢ ЕРЕЖЕСІ
1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Байқау PR-қоғамдастық өкілдері, қоғаммен байланыс жөніндегі мамандар, баспасөз қызметтері және қазақстандық компаниялардың PR-бөлімшелері, кәсіпорындар, қауымдастықтар, фрилансерлер және т. б. арасында өткізіледі.
 
2. КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ

2.1. Қазақстандағы PR-ды (public relations) дамыту.
2.2. Қоғаммен байланыс жөніндегі қазақстандық мамандардың шығармашылық және креативті әлеуетін бағалау.
 
3. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
3.1. Конкурсқа қатысу тегін негізде жүзеге асырылады.
3.2. Конкурсқа компаниялардың PR-бөлімшелерінің, ұйымдардың, қауымдастықтардың, кәсіпорындардың және т.б. жұмыс істейтін қызметкерлері қатыса алады.
 
4. КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

4.1. Бір қатысушы конкурсқа бір жұмыс ұсына алады.
4.2. Жұмыс плагиат элементтерінсіз, толық авторлық өнім ретінде берілуі керек.
4.3 Конкурсқа ұсынылатын PR-жобалар ағымдағы жылы іске асырылуы тиіс.
4.4. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- Үзідік PR Digital және IT кейстері
- PR HR бренді
- Салалық PR: оның ішінде индустрия және постиндустрия, қаржылық коммуникациялар
- Мемлекеттік коммуникациялар: жекелеген мақсатты аудиториялармен жұмыс, қоғамдық маңызы бар бастамалар мен заң жобаларын ақпараттық сүйемелдеу
- Үздік фармацевтикалық PR жобалары
- ESG PR кейстері
-Фрилансерлердің ең үздік PR кейстері.
- Спорттағы PR жобалары
 
5. КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ БЕЗЕНДІРУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
 5.1. Конкурстық жұмыстар ағылшын, қазақ немесе орыс тілдерінде propr.room@gmail.com. мекенжайына жолдануы керек.
5.2. Жұмыс Power Point форматында орындалуы тиіс. Жұмыс көлемі 10 беттен аспауы керек. Конкурсқа қатысушының байланыс нөмерлерін көрсетуді ұмытпаңыз.
 
6. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ
6.1. Конкурстық жұмыстар ағымдағы жылдың 5-31 желтоқсан аралығында (қоса алғанда) propr.room@gmail.com электрондық пошта мекенжайында "байқау" жазуымен қабылданады.
 

7. КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
7.1 PR-мамандардан тұратын қазылар алқасы ұйымдастырушылардың арнайы сыйлықтарымен және грамоталарымен марапатталатын үздік 5 жұмысты таңдайды.
Алғашқы үш орынды иеленген мамандар арнайы Жеңімпаз-Кубогына ие болады.
7.2. Байқау нәтижелері және жеңімпаздарға дипломдар тапсыру рәсімі 2024 жылғы 15 қаңтарда өтеді.
 
Байланысу үшін Айнұр: +7 775 831 1162
 
Конкурстық жұмыстар кері қайтарылмайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін.

Қазылар алқасы мүшелерінің және олардың ұйымдарының конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.

Біздің телеграмм арнамызға тіркеліп, ақпаратты бірінші болып біліңіз: https://t.me/prroom_kz