Астанада мүмкіндігі шектеулі жандардың қауіпсіздігін нығайту мақсатында жиын өтті
«Байқоңыр» ауданыда Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөніндегі жиын өтті.
Бүгін «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының ғимаратында Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ШОБ нысандарының қолжетімділігі, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мәселелері жөніндегі жиын өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz Байқоңыр ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.
Жиынға «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ сарапшы кеңесшісі, «Қолжетімді Қазақстан» жобасының сарапшысы Гүлнара Ахмолдина қатысып, Мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделу: жұмыс орындары, мәселелерді шешу, жауапкершілік шаралары аясында баяндама жасады.
Сонымен қатар, Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының Полиция басқармасының бөтен мүлікті ұрлауға қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша қабылдап жатқан шаралары жөнінде «Байқоңыр» аудандық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Дәулет Елгонов баяндама жасады.
Жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Шұғыла Құдайберген Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, күн тәртібіндегі аталған мәселелер бойынша жауапты мамандар мен мекеме өкілдеріне бірқатар тапсырмалар берді.
Бұдан бөлек, жиын барысында ШОБ өкілдері тарапынан да ұсыныстар тыңдалып, өзектілері жұмыс барысына алынды.