Қазақстанда 33 градусқа дейін аяз күтіледі
Алдағы күндері елімізде 33 градусқа дейін аяз күтілмек
Қазақстандық синоптиктер алдағы 5-7 желтоқсан аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша 7 желтоқсанда республика бойынша ауа температурасының күрт төмендейтін көрінеді.
Дәлірек айтқанда, түнде республиканың батысында, орталығында және шығысында -10-18°С дейін, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде -25-33°С дейін, оңтүстігінде -5-13°С дейін аяз күтілмек.
"Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейеді", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК мамандары.