Бүгінгі таңда Ақбұлақ жағалауын абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Байқоңыр ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.
Ол Амман көшесінен Ш.Құдайбердіұлы көшесіне дейінгі жағалау және Таха Хусейн көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі Ж. Тәшенов көшесі аумағын қамтиды.
Аталған Ақбұлақ жағалауын абаттандыру нәтижесінде тротуарларды кеңейту және көтерілген жаяу жүргіншілер кеңістігін салу арқылы кедергісіз орта құрылды.
Абаттандырылған аумақтың жалпы ұзындығы 2,8 шақырымды құрайды.
Абаттандыру барысында көшені ағаштар және бұталармен жаппай көгалдандыру, кеңістікті сапалы жарықтандыру, жергілікті суару жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілді.
Бұдан бөлек, workout-алаңдар, балалар ойын алаңқайлары, арнайы демалыс аймақтары жайластырылса, әр түрлі заманауи шағын архитектуралық формаларда орналастырылды.