Димаш Сербияда Назарбаев алған марапатқа ие болыпты
Димаш Құдайберген жаңа марапатқа ие болды
Танымал әнші Димаш Құдайберген Сербиядағы концерті кезінде "Karić brothers award" сыйлығына ие болды, деп хабарлайды newsroom.kz.
Бұл қуанышты жаңалығымен әнші әлеуметтік желісінде бөлісіп, орден таққан суретін жариялады.
"Бүгін Сербияның Белград қаласында Karić brothers award сыйлығына ие болдым. Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс. Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады", – деп жазды Димаш Құдайберген.
Өнер иесінің жазуынша, Карич қорының сыйлығы 1979 жылдан бері бұған дейін Нобель сыйлығының лауреаттары Ж.Альферов, П.Хандке, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа беріліпті.