Аймақтар

Түркістандағы жоғалған 4 жасар баланың денесі септиктен табылыпты

Түркістандағы жоғалған бала өлі табылды

Түркістанда жоғалған төрт жастағы бала денесі көрші үйдің септигінен табылыпты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, бүлдіршін осыдан 2 күн бұрын 1 желтоқсан күні кешкі уақытта ойнауға шығып кетіп, үйіне қайта оралмаған көрінеді.

Оны іздеуге еріктілер, төтенше жағдай қызметкерлері мен ұлттық ұлан сарбаздары қосылған.

"Желтоқсанның 3-і күні түстен кейін үздіксіз іздестіру жұмыстарының нәтижесінде көрші үй маңындағы септиктен 4 жасар баланың денесі табылды. Баланың денесін сот-медициналық сараптама жүргізді, зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылмады",- делінген хабарламада