Нұр-Сұлтанда боди-массаж: 26 қыз ұсталды

29 Ақпан, 2020 251 0

Нұр-Сұлтан полициясы рейдтік шаралар барысында интим қызмет көрсеткен, сондай-ақ боди-массаж қызметін ұсынған 26 қызды ұстады, - деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме беріп. 

"Қаладағы коттедждердің бірінде массаж салонынан (боди-массаж қызметін көрсеткен) 26 қыз ұсталды. 20-29 жастағы қыздар басқа қалалардан келген. Ұсталған қыздар тіркеуде тұрған не тұрмағаны тексерілді", - делінген елордалық ПД өкілдері. 

Қазіргі уақытта үй иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 450-бабы ("Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну") әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

"Сондай-ақ, коттеджді тексеру барысында, полицейлер есірткі заттарын тәркіледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция өкілдері. 

Тегтер: Боди, массаж, полиция

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.