Қылмыс

Шымкентік әйел 20 пакет есірткімен ұсталыпты

Шымкентте әйелден сатуға дайындалған 20 пакет синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Заңсыз есірткі заттарын сатып жүрген әйел Сарыағаш қаласынан ұсталыпты.

Тексеру кезінде оның сыртқы киімінің қалтасынан ішінде ұнтақ тәрізді есірткіге ұқсас заты бар 18 дана пакет табылды. Тұрғынның үйін тінту кезінде синтетикалық есірткіге ұқсас заты бар екі дана пакет, электронды таразы мен басқа да айғақты заттар тәркіленді, - делінген мәліметте.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, тәркіленіп алынған зат салмағы 20 грамнан асатын мефедрон болып шықты.

ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша іс тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.