Астанада тұрғын үйдің балконында дәрет сындырған тұрғын қамалды
Астанадағы тұрғын үйдің балконында дәрет сындырған тұрғын бес тәулікке қамалды
Елордада тұрғын үйдің балконында дәрет сындырған ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Тұрғынның әдепсіз әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Астаналық Тарас Шевченко көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінің ашық балконының кіреберісіндегі орынды былғағаны белгілі болған.
Сарыарқа аудандық полиция басқармасы учаскелік полиция инспекторлары түскен ақпарат бойынша сол аумаққа барып, қоғамдық тәртіпті бұзушыны анықтаған.
Полицейлер оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік іс қозғады.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 42 жастағы ер адам бес тәулікке қамалды. Ол арнайы әкімшілік қамауға алынғандардың қабылдау орталығына орналастырылды.