Бүгінгі таңда жүктерді автотасымалдау үшін Қытай Халық Республикасымен берілетін «С»рұқсат бланкілерінің тапшылығына қатысты мәселе орын алып отыр,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Автотасымалдау туралы үкіметаралық келісімге сәйкес жыл басында Қазақстан Қытай тарапынан екі ел арасында жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «С» типті 50 мың рұқсат бланкісін алған болатын.
Алайда, жүк тасымалы көлемінің ұлғаюына байланысты Көлік министрлігі жыл көлемінде тағы 50 мың бланк алуға келісті.
Қазіргі таңда қазақстандық тарапта 100 мың дана рұқсат бланкісінен 5 мыңға жуығы ғана қалып отыр. Осыған байланысты, үздіксіз жүк тасымалын қамтамасыз ету үшін Көлік министрлігі ҚХР уәкілетті органымен қосымша 10 мың рұқсат бланкісін беру туралы қайта келіссөздер жүргізіп жатыр. Бүгінде аталған мәселені Қытай тарапықарастырып жатыр.
ҚР Көлік министрлігі ҚХР мемлекеттік органы тарапынан тиісті шешім жақын арада қабылданбауы мүмкін екенін ескере келе, отандық тасымалдаушыларды ҚХР шекарасындағы өткізу пунктерінде «С» рұқсат бланкілерінің болуы туралы ақпараттыhttps://cgr.qoldau.kz немесе https://kgd.gov.kz/электрондық мекенжайлары бойынша алдын ала нақтылау қажет екендігін ескертеді.