Мөлдір Әуелбекова ұлына 60 млн-ға сыйлық жасапты
Белгілі әнші ұлына пәтер сыйлады
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ұлының 7 жасқа толуына пәтер сыйлады,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Әр қазақ баспаналы болсын деген әнші, қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желісінде бөлісті.
"60 млн-ның сыйлығы. Ұлым қалаған пәтер. Бұл менің тағы бір жеңісім, тіпті қуаныштан көзіме жас алдым",- деп жазды әнші инстаграм желісінде.
Желі қолданушылары әншіні жаңа қонысымен құттықтап, лебіздерін жеткізді. "Ең керемет сыйлық", "айфондардан қарағанда әлдеқайда артық", деген пікірлерін жазып, желі қолданушылары Әуелбекованың қуанышымен бөлісті.