Қар, жаңбыр, көктайғақ: 29 қарашада ауа райы қандай болмақ?
29 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 29 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды newsroom.kz.
"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде циклон әсер етіп, жаңбыр жауып, қар жауады.
"Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын, оңтүстікте жаңбыр, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады", - деп хабарлады синоптиктер.
Синоптиктер тек қиыр батыс пен шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтілетінін атап өтті.
Қазақстанда синоптиктер тұман түсіп, жел күшейеді, елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде көктайғақ болады деп болжап отыр.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0°C, күндіз +4+6°C.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +15+17°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +14+16°С.