Жаңалықтар

БҚО-да әйел адам түрмеге ыстық картоптың ішіне телефон жасырып кіргізбек болған

БҚО-да әйел адам түрмеге ыстық картоптың ішіне телефон жасырып кіргізбек болған

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты РУ-170/1 мекемесіндегі сотталған адамға әйел адам ыстық картоптың ішіне телефон жасырып кіргізбек болды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Polisia.kz. ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Портал мәліметінше, қабылдау және кездесу бөлмесінің қызметкерлері айыпталушылар мен сотталғандардың сәлемдемесін тексеру барысында бес литрлік пластикалық бөтелкенің ішіндегі ыстық картоптың арасына салынған сары скотчқа бірнеше рет оралған Inoi маркалы телефоны анықталып, тәркіленді.

Қазіргі таңда телефонды жасырып кіргізбек болған әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-тармағы (қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша әкімшілік іс қозғалып, құжаттар қалалық әкімшілік сотқа жөнелтілген.

<div class=