Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты РУ-170/1 мекемесіндегі сотталған адамға әйел адам ыстық картоптың ішіне телефон жасырып кіргізбек болды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Polisia.kz. ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, қабылдау және кездесу бөлмесінің қызметкерлері айыпталушылар мен сотталғандардың сәлемдемесін тексеру барысында бес литрлік пластикалық бөтелкенің ішіндегі ыстық картоптың арасына салынған сары скотчқа бірнеше рет оралған Inoi маркалы телефоны анықталып, тәркіленді.