Жаңалықтар

Того республикасы туралы не білеміз?

Қазақстанға бүгін Того Республикасының президенті ресми сапармен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен бүгін 28 қарашада Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Астанаға алғаш рет ресми сапармен келді. Ақордада ресми түрде Того Республикасының президентін қарсы алу салтанаты өтті.

Осы орайда Того Ресаубликасы туралы мәліметті newsroom.kz порталы назарларыңызға ұсынады.

Того , ресми атауы Тоголез Республикасы Батыс Африкада орналасқан мемлекет.

Ресми тілі - француз тілі. Сондай-ақ жергілікті эве, мина, кабре, гурма тілдері де қолданылады. Тұрғындарының 50%-ы жергілікті  наным-сенімдерді, 35%-ы христиан, 15%-ы ислам діндерін ұстанады. Этникалық құрамы айтарлықтай күрделі. Елде того, йоруба, чокосси, эве, гурма, кабре, тем, котоколи, сомба, басарилер, сонымен қатар еуропалық, ливандық, сириялық арабтар, т.б. тұрады.

Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы ұлттық жиын. Астанасы – Ломе қаласы. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 27 сәуір (1960). Әкімшілік бөлініс жағынан 5 облысқа бөлінеді.

Мемлекет басшысы – республика президенті. Ол дауыс беру арқылы 5 жылға сайланады. Қазіргі президенті Фор Эссозимна Гнассингбеге 1964 жылы 6 маусымда дүниеге келген. Францияның Сорбонна университетінде қаржы менеджменті мамандығы бойынша білім алған. АҚШ-тың Джордж Вашингтон университетінде білімін жетілдірген. Бірқатар халықаралық ұйымда тағлымдамадан өткен. 1998 жылы Тогоға оралған. 2002 жылдан ұлттық жиналыс мүшесі, ал 2003 жылдан телекоммуникация министрі қызметін атқарған. Әкесі өмірден озғаннан кейін билікке келген ол 4 мәрте президент лауазымына қайта сайланған. Соңғы сайлау 2020 жылы өтті. Сол саяси додада сайлаушылардың 70 пайыздан астам дауысын жинап, бірінші кезеңде-ақ кезекті айқын жеңіске жетеді