"Қашсаң, ұстап алып өлтіреміз!":Павлодар облысында екі жыл бұрын жоғалған ер адам табылды
Павлодар облысында екі жыл бұрын жолғалған ер адам табылды
1987 жылғы ер адамды аңшылық үйге күштеп апарып, сол арада оны екі жыл бойына еңбек құлдығына салған, деп хабарлайды newsroom.kz порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, оны "қашсаң, ұстап алып өлтіреміз" деп қорқытқан. Полиция бұл істі еңбек құлдығына салу мақсатында адамды бостандығынан заңсыз айыру бабы бойынша қарастырып жатыр.
"Павлодар облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мәжбүрлі еңбек фактісін анықтап, жолын кесті. 1987 жылы туған ер адамды қарыз екенін пайдаланып, қорқыту және зорлық-зомбылық арқылы жақын маңдағы елді екеннен 60 шақырым жерде орналасқан аңшылық үйде екі жыл бойы ұстаған",– деді арнайы брифингте ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Оның сөзінше, аталған факт бойынша еңбек күшін пайдалану мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Жәбірленуші туған туысқандарының қолына қайтарылды.
Осындай жағдай Абай облысында да орын алды. 1973 жылғы ағасы жоғалып кеткені туралы әйел адам полицияға хабарлап, көмекке жүгінген.
"ҰҚКД қызметкерлері ақпаратты тексеру кезінде жәбірленушіні алдап, байланыс құралдарын алып қойып, қаладан 200 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығына қара жұмысқа жегу мақсатында әкеткен екі ер адамды анықтап, ұстады", - дейді Қанат Нұрмағамбетов.
Ер адам бір айға жуық уақыт бойы үй шаруашылығындағы қара жұмыстарды істеуге мәжбүр болған. Бұл факт ҚР ҚК 128-бабы "Адам саудасы" бойынша тіркелді. Жәбірленуші туыстарына оралды.
Батыс Қазақстан облысында 35 жастағы Орал тұрғыны ұсталды. Әйел адам 2006 жылы туған кәмелетке толмаған қызды үш ай бойы алдау арқылы жезөкшелікке салып, жалдамалы пәтерлерге өзімен бірге апарып отырған.
"Күдікті қыздың деректерін интернет-ресурстарда интимдік қызмет көрсету туралы хабарландыруларға орналастырған. Барлық табысты өзі иеленген. Осы фактіге сәйкес, ҚР ҚК 134-бабы, "Кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші туыстарына тапсырылды", - деп түйіндеді сөзін ол.