Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Елімізде 68 мың жас жұмыссыз жүр екен

Жұмыссыз жастар саны 8,2 пайызға азайды

Елімізде 68 мың жас жұмыссыз жүр екен
Фото: ашық дереккөзден

Биыл үшінші тоқсанда елімізде 15 пен 28 жас аралығындағы 68,5 мың жұмыссыз жас бар, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,2% аз,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Жұмыссыз ерлер 28,9 мың (8,7% көбейген), жұмыссыз әйелдер 39,6 мың (17,6% азайды). 44,2 мың жұмыссыз қалада (12,8% азайды), ауылда — 24,3 мың (1,5% көбейген).

Салыстыру үшін: 2022 жылдың үшінші тоқсанында елде 15 пен 28 жас аралығындағы 74,6 мың жұмыссыз жас болды, бір жылда 3,7% азайған. Көрсеткіш жылдан жылға азайып келеді.

Өңірлер бойынша жұмыссыз жастар ең көп Алматы қаласында: 13 мың адам — былтырғыдан 7,7% көп. Одан кейінгі орында Астана (8,6 мың, 1,1% азайған) және Алматы облысы (8,5 мың, 15,7% көбейген). Ең төменгі көрсеткіштер Ұлытауда (509 адам), сондай-ақ Павлодар және Солтүстік Қазақстан (әрқайсысы 1,1 мың) облыстарында. Ескерту: бұл өңірлерде жалпы жастар салыстырмалы түрде аз, сондықтан көрсеткіштер осындай.

Жұмыссыз жастар санының ең көп өсімі Маңғыстау облысында байқалды: бір жылда бірден 2,3 есе, 4,5 мың адамға дейін көбейген. Ең көп азайғаны Түркістан облысы: 65,1%, 2,6 мың адамға дейін.

Жұмыссыз жастардың басым бөлігі 1 айдан 3 айға дейін жұмыс іздеді: барлығы мұндай 18 мың жас болды, бұл былтырғадан 13,8% аз.

Тағы 14,9 мың адам алты айдан бір жылға дейін (93,8% көбейген), 14,8 мың адам — 3 айдан 6 айға дейін (26,9% азайған) жұмыс іздеген.

1 айдан аз жұмыс іздеп жүргендер саны 16,8%, 13,8 мың адамға, ал бір жылдан астам жұмыс іздеп жүргендер саны бір жылда 24,8%, яғни 7 мың адамға азайды.