Елорда

27 қарашада Қазақстанға қай шетел президенті келеді?

Тоқаев Того елінің президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен 2023 жылдың 27-28 қарашасында Қазақстанға Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе ресми сапармен келеді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі. Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.