Қазақстанда коронавирустың анықталмағаны рас па?

29 Ақпан, 2020 188 0

Елімізде әлі күнге дейін бірді-бір адамның коронавирус ауруын жұқтырғаны анықталмағанына медицина қызметкерлерінің атына қаншама ашу мен табалаушылықты байқауға болады.


«Алдын мен айтып кеткенімдей, біздің елімізге келуі мүмкін немесе аурудың таралуын жоққа шығармаймын. Біз өзге елдерден артық, не кем емеспіз. Онсызда өзекті мәселелер жеткілікті, алайда өз ісімізді аянбай атқаруда барынша дайындалудамыз. Адамдар отандастарын қорғауда барынша аянбай еңбек етуде. Ал адамдардан керісінше мысқыл мен сенімсіздік байқалады»-деп жазады министр Facebook парақшасында.

Сондай-ақ, 800-ге жуық адамның нәтижелерін, үш түрлі мемлекеттің (ҚР, Ресей, ҚХР-да жасалған) әртүрлі тест тексерулерінің кері нәтиже бергенін хабарлады.
Министр еліміздің санитарлы-эпмдимиология қызметінің, санитарлық зертхана, жедел жәрдем және де аурухана, емханаларда «коронавируспен ауырды» деген күдікпен ауырғандарды емдеп жатқан барша медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді. Олардың еңбегін ерлікке балады.

Құрлық асып кеткен аурудың, шекарамыз жақын елімізге келмегіне қуанамыз. Бір анығы вирустың дүниежүзі бойынша тез таралып жатқаны өтірік емес.


Меруерт Амангелді

Тегтер: Коронавиру, медицина, Қазақстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.