Павлодар облысының тұрғыны өз қызын зорлаған ба?

Ер адам өз қызын зорлады деген күдікке ілінді

Фото: azattyq.ruhy

Павлодар облысының полицейлері өз қызын зорлады деген күдікпен облыс тұрғынын іздестіріп жатыр. Тергеушілердің айтуынша, ер адам екі жылға жуық уақыт бойы қылмыстық әрекет жасаған, деп хабарлайды newsroom.kz порталы  Pavlodarnews.kz - ке сілтеме жасап.

Павлодар облысының полиция департаменті полицейлер өз қызын зорлады деген күдікке ілінген ер адамды іздеп жатқанын хабарлады. Іздеудегі адам туралы ақпарат облыс пен республика бойынша жіберілді.

"Қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген Павлодар облысының полиция департаментінің түсініктемесінде.

Қыздың анасы қылмысты полицияға хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, әкесі оны 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін қорлаған. Отбасы бұған дейін полицияға хабарласпаған.

ҚР ҚК-нің 121-бабы6 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

Жүктелуде...