Түркістан: Б.Соқпақбаев мектебінде діни экстремизмге қарсы шара өтті
Шардара ауданында діни ахуалды тұрақтандыру мақсатында кездесу өтті
Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан дін істер басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ұлттық сараптамалық талдау орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ауданда дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Б.Соқпақбаев жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», - тақырыбында кездесуге аудан әкімінің орынбасары, аудандық ақпараттық - түсіндіру тобының жетекшісі Б.Шомпиев, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Аманов, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Шардара ауданы Жаушықұм ауыл округі «Қонар ата» мешітінің имамы Е.Сариев, мектептің директоры Е.Ақбердиев қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары, аудандық ақпараттық - түсіндіру тобының жетекшісі Б.Шомпиев: Бүгінгі таңда еліміздің жас азаматтарының басым көпшілігі радикалды діни ағымдардың ықпалына ұшырау қауіпінде жүргені белгілі. Жастарымыздың радикалды діни ағымдардың ықпалына еріп кетуі олардың жеке ой-түйсігінің әлі де толықтай қалыптаспағандығы. Сондай-ақ, жастардың санасына жат ағымның оңай әсер ететіні анық. Жастардың радикалды діни ағымның жетегіне тез еруінің бірнеше себебін зерделеп көрдік. Бүгінгі таңда еліміздің болашағы - жастар. Біздің жастарымыз түрлі себептермен жат діни ағымның жетегінде кетіп жатқаны қынжылтады. Жастардың радикалды діни ағымның жетегінде кетуінің салдарынан қаншама отбасының шырқы бұзылып, шаңырақтары шайқалып, берекесі қашты деп сөзін қортындылады.
Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Аманов: Діни экстремизм - діни фанатизмнің шектен шыққан түрі. Кез келген экстремизмнің мәні - олардың пікірлеріне қосылмағандарға зорлық - зомбылықтарын көрсету. Діни экстремизм әлемді өздерінің шектен шыққан көзқарастарына сәйкес қайта құруға ұмтылады. Діни экстремизм террористік іс - әрекеттердің туындауына себеп болатын саяси құрал екенін айтып өтті.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Деструктивті діни ағым ықпалына түскен адам кінәлі, әлденеге мазасызданған, топқа тәуелді, сәби тәрізді қауқарсыз кейіпте болады. Деструктивті діни ағымның жаңа мүшесі дербестігін, өз бетінше шешім қабылдау және сыни пікірлер айтып, өз көзқарасын білдіру қабілетін мүлдем жоғалтады. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың», - деп бекер айтылмаған. Қазіргі таңда осы талап - тілегін қанағаттандыра алмай, жат ағымдардың жетегінде кету сияқты көріністер орын алып жатқанын жеткізді.
Оқушылар көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтарын қойып, және оған тұшымды жауаптарын алды.
Қазіргі уақытта елімізде діни ахуал, жағдай тұрақты. Дін мәселесін зерттеумен айналысатын мамандардан құрылған ақпараттық- түсіндіру топтарының жұмысы да өз нәтижесін беріп, жат ағымдардың жолына тосқауыл бола алды деуге болады. Жат діни ағымдардың қызметінен зардап шегушілермен адрестік жұмыстар, түрлі шаралар оларды қалыпты ортаға қайта оңалту жұмыстары да жүргізіліп келеді. Діндер тарихына үңілетін болсақ сан жылдар бойы дін атын жамылған талай жымысқы жат ағымдар пайда болып, кейін қайтадан жойылып кетіп отырған. Деструктивті діни ағымдардың бірі құрыса оның орынына жаңасы пайда бола қалып, ғаламтор арқылы жылдам таралуы да таң қалатын үрдіс емес. Сондықтан да біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді, ықпалымызды пайдаланып, өскелең ұрпақты жат ағымдардың идеологиясынан сақтап қалуымыз керек. Ол үшін мемлекет болып, қоғам болып жұмыла күресуіміз тиіс. Бұған барлық адам атсалыса алады. Жастардың бойына патриоттық сезім, қоғамдағы зайырлылық қағидаттарының нығаюуына, дәстүрлі құндылықтарымыздың берік сақталуын баса көңіл аударуымыз маңызды.