Жаңалықтар

Шардара аудандық теолог маманы діннің жастар өміріндегі рөлін айтты

Түркістан облысында теолог маман діни ахуал тұрақтылығы туралы айтты

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров діннің жастар өміріндегі рөлін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Түркістан облысы дін істер басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жастардың діни сауаттылығы - қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Жастардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше. Ұлттың бүгіні мен келешегі - білімді жастың қолында. Қазіргі таңда дін саласында да білімді де білікті болғанға не жетсін. Өйткені тәуелсіздіктің арқасында ислам діні өркендеп, жастарымыз имандылыққа бет бұрыс жасап жатқандары бәрімізді де қуантады. Тәуелсіз еліміздің кішкене ғана ғұмырында дін саласы көптеген өзгерістерге еніп келеді. Жастардың діни сауаттылығы - қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Жастардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше. Ұлттың бүгіні мен келешегі - білімді жастың қолында. Қазіргі қоғамымызда жастардың діни сауаттылығын дінге жаңадан бет бұрған жастарымыздан көруге болады. Біздің мемлекетіміз зайырлы дін болғанымен енді дінімзге кең еркіндік беріп жатыр. Жастарымыз шет мемлекеттерге шығып діни ілім алып, елге келіп, белді қызмет орындарында лауазымды қызметтер атқарып жатыр. Біз өмір сүріп жатқан күрделі әрі қарама - қайшылықтарға толы бұл ғасыр өткен ғасырлардан мүлдем ерекше.

Жастар бір мемлекеттің ертеңгі құрушысына немесе бұзушысына айналады. Бір ұлттың ұлт болып қалуына кепіл тұлғалар. Жүрегінде иманы мен отанына, ұлтына деген сүйіспеншілігі бар жастар мемлекеттің тәуелсіздігі үшін ең үлкен кепілдік болмақ. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелесең, болашағың соншалықты зейнетті болмақ. Ал өзіндік ұстанымы мен пікірі болмаған жастар әркімнің жетегінде кетіп, елдің сорына айналады. Жастарға батылдық, алған бетінен қайтпау тәрізді қасиеттер тəн, бұл әрине жақсы. Бірақ, өкінішке орай, олардың көпшілігі əлемдік діндердің тарихын терең біле бермейді Бұның себептерінің бірі - қазіргі жастардың діни санасының дұрыс қалыптаспағандығынан болып отыр. Бұл өз кезегінде теріс түсінік қалыптастыруы мүмкін.

Жастар қашанда қоғамның қозғаушы күші. Болашағын бағалайтын мемлекет жастарының санасы ояу, білімінің жоғары болуына басты мән береді. Дін - санаға әсер ететін күш. Ал сана жастардың өмірлік ұстанымдарын қалыптастырып, ынта мен күш - жігерлерін арттырушы. Саналық негіз қалай қалыптасса, жастарда солай қарай бой түземек. Абай Құнанбаев: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде», - деген. Жастардың діни сауаттылығы - қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Жастардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше. Ұлттың бүгіні мен келешегі - білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Адам діни сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасы қалыптасып, кемелдену құбылысы жүзеге асады.

Жастардың рухани және діни сауатты болуы - кезек күттірмес мәселелердің бірі. Көп нәрсе білімсіздіктен туатыны даусыз. Қазіргі уақытта жастарымыздың дінге деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Кез келген діни ғимаратқа кіре қалсақ, ондағы жастардың көп екенін көруге болады. Бұл дінді ұстанушы тұрғындардың басым бөлігін жастар құрайтындығын көрсетіп тұр. Бірақ жастар дәстүрлі діни бірлестіктерге барып тұрса ғана ғой, олардың дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына түсіп кететіндері де бар. Жастарымыздың жат діни ағым жетегіне кетудің ең алғашқы, басты себебі - діни білімсіздік. Дінге толық таныммен, біліммен келмей шала сауатпен, эмоционалды сезіммен келіп, өзінің қалай адасқанын аңғармай жатады. Әсіресе, қазіргі жастардың мешіттерге баруы, дінге бет бұруы қуантады. Дегенмен әлі де болса ойланатын жайттар жеткілікті. Жастардың қоғамдағы салмағы жоғары. Адамдар білім алу, мамандық таңдау және қоғамда әлеуметтену, негізгі араласатын ортасын құру, рухани қағидаттар мен бағдарын қалыптастыру секілді негізгі әлеуметтік және демографиялық өмірлік кезеңдерінен дәл осы жас кезінде өтеді. Жастардың діни сауаттылығын арттыру үшін маңызды қадамдар жасалуы керек. Және ислам дінін бір жақты қарамай, ілімге қаншалықты көңіл бөлумен қатар, сауатты болуға қаншалықты ынталандырады деген мәселені қарастыру да аса маңызды.

Қазіргі қоғамымызда жастардың діни сауаттылығын дінге жаңадан бет бұрған жастарымыздан көруге болады. Кез келген жас шетелге барып оқу үшін, ең алдымен, еліміздегі арнайы діни оқу орындарының бірінен білім алуы керек. Содан кейін мүфтияттың жолдамасымен шекара асып, білімін жетілдіруіне мүмкіндігі бар. Бірақ бұл оқу орындарының да саны шектеулі. Ел жастарының білім алуына тек бірқатар шетелдік жоғары оқу орындарымен арнайы келісім жасалған. Бұл оқу орындарында білім алған жастардың болашақта тұрақты жұмыспен қамтылуы жоспарланған. Осы орайда айта кетейік, Сауд Арабиясындағы кейбір діни оқу орындарының жарнамасы әлеуметтік желілер арқылы кеңінен таратылады, сондай - ақ, оқу орындары бірнеше жеңілдіктер ұсынады. Жастарымыздың кейбірі осындай жарнамалардың жете¬гінде кетіп қалатыны жасырын емес. Алайда өз бетінше діни білім алып келген мамандарды жұмыс¬пен қамту қарас¬ты¬рыл-маған. Жастарымызды теріс діни идеологиядан сақтандыру жолдарының бірі ол - діни білімді арттырумен қатар, отбасы институтын жетілдіру. Жастарымыз дәстүрлі емес ағымдардың арасында адасып жүрсе, елдің болашағы не болмақ? Және сол ағымдарда жүрген жастарымыздан және олардың ұрпақтарынан қандай азамат шығатындығы айтпаса да түсінікті. Жастар - елдің болашағы, болашаққа сенім арту - жеңісті де жемісті келешектің көрінісі.

Ал ел ертеңі болған жастар тәрбиесі бүгінгі күнге дейін маңызды болған әрі қашанда басты мәселелердің бірі бола беретін аса нәзік дүние. «Ағашты шыбық кезінде түзуле», - дейді дана халқымыз. Сондықтан, бұл олқылықтың алдын алу үшін, ең бірінші әрбір ата - ана өзін, одан кейін баласын жастайынан жетілдіріп, дұрыс адами қасиеттерді бойына сіңдіре білуіміз қажет.",- деді теолог маман.