Желілік маркетинг кәсіп пе?!

29 Ақпан, 2020 165 0

Қазіргі таңда заманға сай әртүрлі кәсіптің жаңа түрлері дамып жатыр. Кеңес үкіметі кезіндегідей мекемеге барып, сағат 9 дан 6 ға дейін жұмыс істеу шарт емес. 

Үйде отырып-ақ компьютермен жұмыс істеп, сауда жасап, өнімді сатып немесе тапсырыс беруге болады. Оның ішінде әртүрлі фирмалардың өнімдерінің жарнамаларынан, жанымызда жүрген жандардан желілік маркетинг арқылы байып кеткендерін есітіп, ертегіге еніп кеткендей күйге түсіп жүргендер баршылық. Бірі сенсе, бірі сенбейді. Бұлардың айырмашылығы неде? Желілік маркетинг, тауар, өндіруші кім, пирамида дегеніміз сияқты көкейде мыңғырған сұрақ көп. 

Осы сұрақтармен біз біршама адамға жолығып, халық арасында сұрақ- жауап жүргізген болатынбыз. Ең алғаш кездескен жан ол Райкүл есімді ханым, мұғалім, жасы 59-да.

Тілші:-Райкүл ханым, желілік маркетингке көзқарасыңыз қалай? 
Райкүл:- Әрине, оң көзқарастамын. Өзім сол салада жұмыс істеймін. Қазақстанға ең алғаш келген фирмада жұмыс істеп бастағанмын. Әлі күнге дейін жұмыс істеймін.
Т:- Сіз үшін көп ақша табудың жолы ма?
Р:-Солай десем де болады. Себебі қазіргі таңда бір айлыққа қарап күн көре алмайсың. Қосымша табыс көзі болуы керек. 
Т:-Мамандығыңыз бойынша жұмыс істейсіз бе?
Р:-Орта мектепте қазақ тілі әдебиетінен сабақ беремін. 
Т:-Сіз үшін желілік маркетинг кәсіп пе? 
Р:-Жеке басым үшін жауап берейін. Бұл мен үшін кәсіп. Себебі мен ол фирмаға құнын төлеп тауар аламын, тауарды жақындарыма, таныстарыма сатамын. Содан пайдасын көремін. Шынын айтқанда, мұғалімдік үшін төленетін, айына сарғайып күтетін жалақымды бес- алты күнде-ақ табуым мүмкін. Өз керегіме де пайдаланамын. 
Т:-Кейбіреулер пайдасынан зияны,ешқандай артық ақша таппадым деп жатады. Қаншалықты дұрыс?
Р:-Адамның өзіне байланысты. "Ас-піс, аузыма түс" деп отыратын жалқаулардың әңгімесі деп ойлаймын. Ерінбей еткен еңбегіңнің түбінде бір жемісі болары анық. Өзім дәл осы кәсіппен айналысқалы балдарымды оқыттым,көлік те алдым, үйді де салдым, енді міне жақында лауазымым жоғарылап, шетелге демалуға жолдама ұтып алдым. Керемет емес пе?!
Т:-Жақында болған 5 млн жымқырды деген ломбард туралы пікіріңізді біле кетсек?!
Р:-Негізі адам жоспарлы түрде мақсат қоя білу керек. Мен ақша салсам пайдасын қалай көремін деп. Қолындағы бір жапыраққа сеніп, оңай олжаға батамын деген ой дұрыс емес. Аз беріп, көп аламын деген мүлде дұрыс емес. Бір ғана сөзді айтайын, "еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" басты ұстанымым осы.

Келесі сұқбат беруші ол Айжамал есімді келіншек, үй бикесі, жасы 38-де.
Т:-Айжамал, ештеңе істемей, тез байығыңыз келеді ме?
А:-Бір фирманы жарнамалығыңыз келді ме?!
Т:-Жоқ. Ойыңызды білгім келіп тұр.
А:- Ааа.Шошып кеттім ғой. Қазір кімге жолыға қалсаң, осындай сұрақпен миыңды ашытады. Мен ондайлардың біреуіне де сенбеймін. Керегімді дүкеннен аламын. Сату қолымнан келмейді. Бірдеңені сат, одан соңыннан екі адам жаз, сосын айлық төленеді деп. Бұның бәрі өтірік. Өз басым сенбеймін.
Т:-Бұл да бір кәсіптің бірі емес пе?
А:-қайдағы кәсіп! Алаяқтық! Өтірік алдап, ақшаңды алу. Қазір телеарналардан өңкей аурудың бәрін емдейтін дәрілер. Мың түрлі ауруға бір дәрі! Ьұл да өтірік! Инстаграм ашсаң, конкурс. Мың адамға лоторея ойнатып, пәленбай жинап, есесіне бір-екі сыйлық, 5-10 мың теңгелей сыйлық. Сөйтіп қызық үшін сол ақшаны аспанға лақтырып, кімге түссе сол алады дегендей. Көзбояушылық! Жерде жатқан батпан құйрық. Бұндайларға шектеу қою керек! Топтасқан сол бес алтауы байып, қарапайым халық жапа шегуде. Бұлар заң алдында жауап беруі тиіс!
Келесі жолыққанымыз Сәбит есімді ағамыз, кәсіпкер, жасы 49-да.
Т:-Аға, бала күніңізде қандай маман иесі болғыңыз келді және қазіргі таңда өз таңдаған мамандығыңызбен жұмыс істейсіз бе? 
С:-мал дәрігері мамандығын тәмамдағанмын. Заманына қарай мамандықтарда өзгеріп отыратыны рас. Ол баяғыда Кеңес үкіметі кезінде бір мамандық таңдап, соны оқып, әріқарай зейнетке шыққанша сол жұмыс істейтін еді, бүгінде заман талабы басқа. Барлық нәрсеге қуып жетіп отыруың керек. Біліміңді арттырып отыруың тиіс. Қандай іс бастасаң да, адал нәпақа тапқанға ұмтылған жөн.
Т:-аз ақша салып, кейін одан көп ұтысқа кенелуге қалай қарайсыз?
С:-жалпы түрі көп. Лоторея болса, ол кезде тек ұтысты емес, желге ұшатын ақша ойлау керек. Бағыңызға қарай. Ұтсаң ұттың, ұтпасаң ешкімге ренжіме. Қандай да бір кәсіп бастауың үшін, алдымен қомақты қаржы құюың шарт. Демек пайдасы болары сөзсіз.
Т:-кешегі елді дүрліктірген "Гарант 24 ломбард", " Выгодный займ", "Estate Ломбардтардың" кәсібі қаншалықты дұрыс?
С:-ең алдымен айта кеткен дұрыс, адам қандай мақсатпен ломбардқа ақша салады. Пайызы саған пайда ма, зиян. Адам өз аяғымен істі таңдайды. Біреу жетектеп апарған жоқ, мәжбүрлеп салдырған жоқ. Жолдарын түсіндірді. Адамның өзінде таңдау бар. Бұл жерде аз уақыт аралығында қаншама адамды қызықтырып, миллиондаған ақшаның айналғаны қараңыз. Көпшілікті қызықтырған не? Ақша саласыз үстемесін біз береміз деген қызықтыру. Бұны мен жақтамаймын. Арам ақша алысқа апармасы анық. Кәсіпкер ретінде айтарым небір пайда көретін кәсіп көп қой. Ал көптің ойы тез байып кету. Өз кәсібін адаспай табу.
Осылайша сұқбаттасқан жандардың ойын қаз-қалпында ұсынуды жөн көрдік. Кәсібіміз адал, тапқан табысымыз жемісті болсын!

Меруерт Амангелді

Тегтер: Компьютер, маркетнг, пирамида

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.