Кәсіпкерлік негіздері түсіндірілді
Мұхтар Төлепов төрағалық етті.
Бүгін Пробация қызметінде тіркелген азаматтарға кәсіпкерлік негіздері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиынға қалалық Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы, деп хабарлайды newsroom.kz.
Шарада «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» Еңбек рыногын талдау және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Динара Бегалықызы, облыстық «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының» Электрондық коммерция және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Қанат Жамалбекұлы, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының Несиелендіру департаментінің басшысы Аманжол Рүстембекұлы, «Ырыс» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің несие бөлімінің басшысы Бақдаулет Молдабекұлы мен «Түркістан қалалық Мансап орталығының» жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы Мұрат Мұсаматұлы баяндама жасады.
Өз кезегінде пробация есебінде тіркелген тұрғындар көкейкесті сұрақтарына тұшымды жауап алды.
Басқосу соңында қатысушыларға «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы аясында қалада жүзеге асқан жобалар туралы ақпараттар жеткізілді.