Түркістан: Сарыағашта құлпынай өсірушілер қатары артып келеді
Ауыл шаруашылығы саласы – экономиканы дамытудағы негізгі басымдықтардың бірі.
Бүгінде Сарыағаш ауданының шаруалары көкөністер мен қоса жеміс-жидектерді де өсіруді қолға алып, өнім түрлерін көбейтуде. Аудан шаруалары қыс мезгілінде құлпынай өсіріп, ерте пісетін жидекті саудалап, мол табыс табуды жоспарлауда, деп хабарлайды newsroom.kz.
Қазіргі таңда Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Абдимамыр Бурибеков жылыжайда құлпынай өсіріп, ішкі нарықта саудалауда.
Құлпынай өніміне сұраныс еліміздің ірі қалалары және аудан аумағындағы кәсіпкерлер мен тұрғындардан келіп түсуде. Диқандар иелігіндегі жерлерден жылдық азық жинауға бел байлап, құлпынайды құлпыртып, бүгінде кәсіптерін жандандырып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі