Айтыскер Балғынбек Имаштың Дикий Арман жайлы айтқандары әлеуметтік желіні "жарып" жатыр екен - деп жазды белгілі қоғамдық пікір көшбасшысы Нұргелді Әбдіғани өзінің фейсбук парақшасында, деп хабарлайды newsroom.kz.
Оның айтуынша, қазақтың танымал ақыны өз сөзінде Дикий Арман дегенді бұрын-соңды танымағанын, ондай адамды білейтінін, арнайылап алдына бармағанын, Айнұр ақын шақырған жерде ғана жолықтырғанын айтып, ақтала сөйлепті.
“Дикий Арманның қолына кісен салынарға дейін, әлеужеліде Бәкең бастаған талай "дүлдүлдің" Түркия теңізінің үстінде, ырғалып-жырғалып, Армандардың алдында ақтарылып-төңкеріліп, гу-гу, ду-ду думандатып жүрген видеолары еркін тараған еді. Арман Жұмагелдиевті бүгінгі қазақтың батырына теңегендердің бірі басқа-басқа емес, дәл осы Бәкең еді” - дейді Н.Әбдіғани.
“Енді келіп, "өлләхи, білләхи, танымаймын, араласпаймын" деп сөйлеп жатыр екен... Бұған қарағанда: "Дарын Мубаровты, не десеңдер, о деңдер. Ол менің бауырым, жақсы көрем", - деп ашық айтқан Бекболаттікі жігіттік екен...” - деп жазды әлеуметтік желі белсендісі.
“Бәкеңнің сөздерін кезінде Назарбаевқа жағыну жарысында Қуаныш Сұлтановпен жеке жарысқан Мырзатай Жолдасбековтің өткендегі Назарбаев жайлы жағымсыз пікір айтып, сұхбат беруімен салыстырдым...” деген Нұргелді Әбдіғани жазбасы желіде қызу талқылануда.